15 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Фото: freepik.com

Мамандар 15 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Тоқты – бүгін өз ойларыңызды ашық айтуға тура келеді. сезімге берілмей, сабырмен әрекет етіңіз, жұмыста күтпеген жаңалық болуы мүмкін.

Торпақ– жеке өмірде үйлесімділік орнайды, ал қаржылық мәселелерге сақтықпен қараңыз, босаңсуға болмайды.

Егіздер – бүгін шығармашылықпен айналысуға жақсы күн, бұрынғы таныстармен кездесу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Шаян – эмоцияңызға ерік бермеңіз, маңызды шешім қабылдарда ақылға жүгініңіз, отбасыда жайлы атмосфера орнайды.

Арыстан – басшылықпен немесе жақындармен келіспеушілік туындауы мүмкін, сабырлы болыңыз, ақшамен байланысты ұсынысқа назар аударыңыз.

Бикеш – күтпеген кездесулер мен қызықты ұсыныстар болуы мүмкін, ішкі түйсігіңізге сеніңіз, бірақ нақты қадамдар жасауда ойланыңыз.

Таразы – жаңа идеялар мен жоспарлар туындайды, бастамаларды кейінге қалдырмай, нақты іске кірісіңіз, достарыңыздан қолдау болады.

Сарышаян – денсаулыққа көңіл бөліңіз, ұзақ демалыс немесе серуен пайдалы болады, материалдық жағынан кішігірім пайда күтілуде.

Мерген – белсенді күн. жұмыста батыл болыңыз, бірақ тәуекелге барудан бұрын бәрін есептеңіз, саяхат жайлы ойлар тууы мүмкін.

Тақа– жақын адамдармен байланыс нығаяды, іскерлік келісімшарттарға қолайлы күн, ішкі үйлесім табуға тырысыңыз.

Суқұйғыш – достармен кездесу шабыт сыйлайды, бүгін шығармашылық пен рухани даму үшін тамаша сәт.

Балықтар – күмән тудыратын ұсыныстардан бас тартыңыз, интуицияға сеніңіз, жалғыз қалудан қорықпаңыз – бұл ойлануға мүмкіндік.

Яндекс.Метрика