Ертең күн қатты ысып, 43 градусқа жетеді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері аладғы үш күнге болжам жасап, еліміздің бірқатар өңірінде күн өте ыстық болатынын хабарлады.

1-3 маусым күндері ел аумағында күн қатты ысып, содан өрт шығуы мүмкін екенін де айтты.

Синоптиктер тек елімізідң батыс өңірі мен солтүстік-шығыстағы облыстарда жауын-шашын болатынын болжап отыр. Ал басқа жерлерде күн қатты ысып, 43 градусқа дейін баруы мүмкін деуде.

Мысалы, солтүстік-батыс жақта, солтүстік аймақтарда күннің қызуы +36+41°С көрсетсе, Шығыс Қазақстан облысында +28+33°С, орталық өңірде +30+39°С, оңтүстікте +37+43°С, ал оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін көтерілуі мүмкін деген болжам бар.

 

Qazaq.today