Көкшетаудағы перинаталдық орталықта әйелдер шелекте жуынады

Фото: Видеодан алынған кадр

Көкшетаудың перинаталдық орталығындағы гинекология бөлімінде науқас әйелдер бірнеше апта бойы душқа түсе алмай, шелектер мен шәйнектерді амалсыз қолдануға мәжбүр екені туралы видео әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Пациенттердің айтуынша, душ кабиналары жұмыс істемей тұрғанына біраз уақыт болғанымен, ешкім мәселені шешуге асықпаған. «Медбикелер шашты легенде немесе тіпті палатаның раковинасында жууға кеңес береді, бірақ бұл — гигиенаға мүлде сай емес», — дейді әйелдердің бірі.

Ал әкімдікке қарасты денсаулық басқармасы жағдайды «жөндеу жүріп жатыр» деп ақтап алуға тырысқанымен, пациенттердің субъективті дискомфорты емес, нақты санитарлық нормалардың өрескел бұзылғаны байқалады.

Орталық басшылығына душ кабиналарын қысқа мерзімде қалпына келтіру тапсырылғанымен, тұрғындар мұндай жағдайдың алдын ала бақылаудың жоқтығынан болғанын ашық айтып отыр. Бұл жағдай жергілікті әкімдіктің медицина нысандарындағы бақылауды формалды деңгейден әрі асырмайтынын тағы бір дәлелдеді.

Яндекс.Метрика