Танымал әнші Тоқтар Серіков көпшілік алдында жұбайы Бейбіт Сейдуалиеваға деген ақ сезімін ашық білдіріп, тыңдармандарға ерекше әсер сыйлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі осы уақытқа дейін жарына арналатын әндерінің аз болғанын мойындап, оны сахнада толтыруды жөн көргенін айтты.
«Бейбітке “саған арнадым” дейтін көп ән болмағанын жасырмаймын. Ол — өнер адамы, бәрін жүрегімен сезінеді. Міне, елу жасқа келіп, елдің алдында осыны мойындап тұрмын. Бүгін өздеріңіздің көз алдарыңызда Бейбіттің құрметіне “Ең әдемі келіншек – әлемдегі” әнін арнағым келеді», — деді Серіков.
Әншінің бұл шынайы қадамы залда отырғандардың да, желі қолданушыларының да жүрегін елжіретті.
Көпшілік әлеуметтік желіде жылы пікір қалдырды:
— «Тоқтар мен Бейбіт – өнер мен өмірде үлгілі жұп»
— «Көз тимесін, бірге қартайсын»
— «Бейбіт бақытты әйел, өзіне арналған әні бар»
— «Елуге келсе де, Тоқтардың үні бұрынғыдай керемет»
— «Барлық ер адамдарға үлгі болатын сәт»
Желіде тараған бұл видео отбасы құндылығы мен ер азаматтың шынайы жүрек мойындауы қандай болатынын тағы бір мәрте көрсетті.
