Фото: stan.kz
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Антикордың бұрынғы басшысы Қайрат Қожамжаровқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеуге өз көзқарасын білдірді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Депутаттың айтуынша, егер тергеу Қожамжаровтың кінәсін нақты дәлелдесе, Қазақстан оның Ресейден экстрадициясын талап етуге толық құқылы. Бәпи экс-төрағаны жеке танымайтынын, оның қызметі жайлы тек ақпарат құралдары арқылы хабардар болғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың атышулы «Қорғас ісіне» байланысы бар екенін ресми түрде растаған болатын.
