«Маңызды кезең»: Роза Рымбаева халықтың жүрегін ауыртқан жаңалығын айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Рымбаева үлкен өнер сахнасынан кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол AbaiTV.kz арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

«Сарасөз» бағдарламасына қатысқан әйгілі әнші өз өмір жолы мен шығармашылығы жайында әңгімелеп, көпшілікті таңғалдырған жаңалықпен бөлісті. Қазір Роза Қуанышқызы өнердегі жарқын белестерін қорытындылайтын 50 жылдық есеп беру концертіне дайындалып жатыр.

Әншінің айтуынша, аталған мерейтойлық кеш оның үлкен сахнадағы соңғы концерті болуы мүмкін.

«Бұл – өнер жолымдағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Осы концерттен кейін сахнамен қоштасуым ықтимал», – деді Рымбаева.

Ұлттық өнердің символына айналған дауыс пен жылдар бойы сүйіспеншілікке бөленген әндер көрерменге бұл кеште жаңа өңдеуде, жаңа қырынан ұсынылады.

Яндекс.Метрика