Димашқа Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспап сыйға тартылды

Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері тағы да әуежайдан ерекше ықыласпен қарсы алды. Олар әншіге Латвияның дәстүрлі музыка аспабы – коклені тарту етті, деп хабарлайды Qazaq Today.

Кокле – балтық тайпалары дәуірінен бастау алатын көне аспаптардың бірі. Зерттеушілердің айтуынша, XIII ғасырда бұл аспапта кәсіби түрде өнер көрсеткен музыканттар тобы болған.

Аспап трапецияға ұқсас қуыс денеден және жұқа ағаш қақпақтан тұрады. Жіңішке металл өзекке бекітілетін ағаш түйреуіштер 6–9 ішекті ұстап тұратын, ал қазіргі нұсқаларында ішектер саны 20-ға дейін жетеді. Кокле жайлы талай аңыз бен хикаялар сақталған, ол халық ертегілері мен жырларында да жиі кездеседі. Бұл аспап Латвияның мәдени мұрасының маңызды бөлігі саналып, ұлттық мәдени канонға енген.

Латвиядағы Димаш фан-клубының өкілдері кокленің халық үшін айрықша мәні барын атап өтіп, оны сыйға тартқанда жылы тоқылған көрпеге орап беру – ежелгі дәстүр екенін жеткізді.

Яндекс.Метрика