Атыраудағы апат: автобус 6 жастағы бүлдіршінді қағып өлтірді

Фото: zakon

Атырауда 6 жасар баланы автобус қағып кетт. Бүлдіршін алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қайғылы оқиғаның болғанын облыстық Полиция департаменті ресми түрде растады. Оқыс жағдай Атырау қаласының Байтақ-2 ықшам ауданында болған.

«Daewoo маркалы автобусты басқарған 58 жастағы жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан 6 жастағы баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза тапты

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — делінген облыстық ПД агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.

Яндекс.Метрика