Фото: Түркістан облысы ПД
Кентау қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.
Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері үй-жайларды аралап тексеру жұмысын жүргізуде, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, жақын маңда тұратын тұрғындар мен мүмкін болатын куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сондай-ақ медициналық ұйымдар да тексерілуде.
«Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
