Фото: freepik.com
10 желтоқсанда еліміздің бірқатар облыстарында қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер қар, көктайғақ, бұрқасын мен қатты желге байланысты ескерту жариялап отыр, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
Түркістан облысында таулы аймақтарда қалың қар жауып, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік пен тау етегінде көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Шымкент пен Түркістан қалаларында да тұман болжануда.
Маңғыстау облысында батыс, солтүстік және орталық аумақтарда көктайғақ күтіледі. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соққан жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман түседі. Желдің екпіні күндіз 20 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын болжанып отыр. Оңтүстік-шығыс бағыттан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.
Атырау қаласында жел 18 м/с шамасында болады.
Алматы облысында оңтүстік пен таулы аймақтарда қалың қар, көктайғақ және тұман болжанады. Солтүстік-батыстан соққан жел 20 м/с дейін күшейеді.
Алматы және Қонаев қалаларында түнде қатты қар жауып, көктайғақ пен тұман түсуі мүмкін.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда қаласында да күндіз жел күшейеді.
Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей өңірлерде қатты қар жауады. Тұман түсіп, жел 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Семейде қар мен бұрқасын болжанған.
Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран, көктайғақ және қалың қар күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Өскеменде қар мен бұрқасын сақталады.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда қатты қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Кей аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Таразда да тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Ақтөбе облысында жел 15–20 м/с дейін күшейеді, әсіресе орталық және батыс бөліктерде.
Павлодар облысында өңірдің оңтүстік және шығыс бөліктерінде қарлы боран, ал солтүстік пен батыста тұман күтіледі. Жел 20 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ пен тұман болжанады. Желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды қаласында түнде қарлы боран болады.
Ұлытау облысында тұман түседі. Шығыс бөлігінде желдің екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Жезқазғанда тұман сақталады.
