Фото: Ed Mulholland/Zuffa LLC
Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыстың UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегінің күні белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
ММА жөніндегі инсайдер Марсель Дорффтың хабарлауынша, Ыдырыс өзінің дебютінде ямайкалық спортшы Оде Осборнмен (13-9) күш сынасады. Бұл кездесу 21 ақпанда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін UFC турнирінің кардында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Осборн бұған дейін, 2023 жылдың 5 тамызында, тағы бір қазақстандық — Асу Алмабаевпен (23-3) октагонда кездесіп, екінші раундта жеңілген еді.
Еске сала кетейік, тамыз айында Әліби Ыдырыс Джозеф Моралеспен өткен жекпе-жекте UFC-мен келісімшартқа таласқан болатын. UFC 319 іріктеу турнирінде жеңіліске ұшырағанына қарамастан, ұйым оның әлеуетін жоғары бағалап, спортшыға төрт жекпе-жекке арналған келісімшарт ұсынды.
