«Өзінен үлкен көрінеді»: Еркін Нұржанов әйелін көрсетемін деп желі талқысына қалды (ВИДЕО)

Фото: _erkin_dinara_ парақшасынан

Танымал әнші Еркін Нұржан қалың көпшілік алдына жұбайымен бірге шығып, әлеуметтік желілерде ерекше назарға ілікті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Әнші көп жағдайда отбасылық өмірін жұртқа жария етпеуді жөн көретін. Сол себепті оның әйелімен түскен кадрлары желіде өте сирек кездесетін. Алайда соңғы күндері Еркін Нұржан жары екеуі түскен бірнеше бейнежазбасын бөлісіп, оқырмандарын таңғалдырды.

Желі қолданушылары әншінің жұбайын алғаш рет анық көріп, түрлі пікір білдіруде. Бірі ерлі-зайыптылардың жарасымына сүйсінсе, енді бірі сын айтып үлгерген.

«Әйелі өзінен үлкен сияқты», «Шынымен жары осы ма?» деп күмәнданғандар да бар. Ал басқа бір топ тыңдарман: «Еркін – өте сабырлы, артынан сөз ермейтін азамат. Жұбайы да өте сұлу екен» деп оң бағасын беруде.

Осылайша, бұған дейін көпшілікке беймәлім болып келген Еркін Нұржанның жары бірден талқының өзегіне айналып, әншінің жеке өміріне деген қызығушылық арта түсті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dinara Nurzhanova (@_erkin_dinara_)

Яндекс.Метрика