Кофенің ұйқыға әсері туралы жаңа зерттеу күтпеген нәтиже көрсетті

Кофенің адам ұйқысына кері ықпал ететіні туралы пікір ұзақ жылдар бойы талқыланып келген. Алайда Цюрих университетінің ғалымдары жариялаған жаңа зерттеу бұл түсінікке өзгеше қырынан қарауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Journal of Psychopharmacology журналында жарық көрген жұмыс кофе тұтыну мен ұйқы сапасы арасындағы байланысты бұрынғыдан әлдеқайда күрделі екенін көрсетіп отыр.

Ғалымдар бір емес, екі көлемді халықаралық мәліметтер базасын пайдаланып, кофеин тұтыну әдеттерінің нақты көрсеткіштері мен адам миының ұйқы кезіндегі белсенділігін салыстырған. Бірінші, UK Biobank-485 000 қатысушы. Кофе ішетін жиілігі, өмір салты, денсаулық жағдайы туралы мәліметтер мен әлемдегі ең ауқымды биомедициналық деректер алаңы.

Екінші, HypnoLaus (Швейцария). 1702 адамның түнгі полисомнография жазбалары, EEG, тыныс алу, жүрек ырғағы және ұйқы фазаларының нақты өлшемдері. Зерттеулерде «алтын стандарт» саналатын ұйқы жазбалары пайдаланылады.

Бұл екі база біріктірілгенде, кофе тұтыну әдеттері мен нақты физиологиялық көрсеткіштердің арасынан статистикалық тұрғыда сенімді байланыс табу мүмкін болды.

Зерттеуде адамдардың кофе ішу жиілігі екі топқа бөлінді:

орташа тұтынушылар – күніне 1–3 кесе;

жоғары тұтынушылар – күніне 4 және одан да көп кесе.

Бұл шектер қоғамдық денсаулық ғылымында «қалыпты» және «жоғары» кофеин тұтынуды айыру үшін жиі қолданылады.

Сонымен қатар, әр қатысушы жасы, жынысы, дене салмағы, әлеуметтік жағдайы және өмір салтына қарай статистикалық «белдес» (егіз) адамдармен салыстырылды. Бұл әдіс кездейсоқ факторларды азайтып, нәтижені барынша дәл етуге көмектесті.

Зерттеу нәтижелері күтпеген пайым жасатты. Кофені көп ішетін адамдар түнде орташа 11–13 минут аз ұйықтайды. Бірақ EEG мәліметтері олардың ұйқысының ең маңызды бөлігі – терең баяу толқынды фазасы – айтарлықтай күшейетінін көрсетті. Яғни ми дельта-толқындарын көбірек генерациялайды, бұл физикалық және когнитивтік қалпына келу үшін ең шешуші кезең.

Баяу толқынды ұйқы — адамның иммунитетін қалпына келтіретін, жадыны нығайтатын және жүйке жүйесін реттейтін фаза. Оның сапасы жоғары болған жағдайда ұйқының жалпы ұзақтығы азайса да, адамның өзін сергек сезінуі мүмкін.

Яндекс.Метрика