Журналист қоғамға не үшін керек?

Сурет:pixabay

Журналист – қоғамның көзін ашатын тұлға. Ол оқиғаны тек жеткізуші емес, оны түсіндіруші, сараптаушы, деректерді сүзгіден өткізуші маман. Қоғамда не болып жатқанын, қай жерде кемшілік барын, қай жерде әділет бұзылып жатқанын дәл осы маман бірінші болып айтады. Журналистика — жай кәсіп емес, бұл ақпараттық қауіпсіздіктің алдыңғы шебі.

Өткір журналист билікті бақылауда ұстайды. Демократияның негізгі тірегі – тәуелсіз БАҚ. Егер журналистика еркін әрі батыл болса, шенеуніктер жауапкершілікті сезінеді, коррупция мен заңсыздық жасырын қала алмайды. Ашықтық пайда болады. Ал журналист үнсіз болса, қоғамда бақылаусыз билік, бұрмаланған ақпарат және жабық есіктер артындағы шешімдер көбейеді. Мұндай жағдайда қарапайым адамның құқығын қорғауы да қиындайды.

Журналистсіз қоғам — ақпаратсыз қоғам. Жалған ақпаратқа сену, эмоцияға беріліп кету, әлеуметтік желідегі манипуляцияға бой алдыру қаупі күшейеді. Ал кәсіби журналист факті мен фейкті ажыратып, ресми деректі тексеріп, тәуелсіз көзқарас ұсынады. Егер бұл жүйе әлсіресе, қоғам жалған үреймен, негізсіз үмітпен немесе біржақты ақпаратпен өмір сүреді.

Журналист — әлеуметтік әділеттің қорғаушысы. Ол әлсіздің дауысы бола алады. Қарапайым азаматтар жүгінетін, өз мәселесін қоғамға жеткізе алатын негізгі алаң – журналистика. Бір ғана репортаж кейде бір отбасының тағдырын өзгертіп, бір өңірдегі нақты кемшілікті түзетіп, тіпті мемлекеттік деңгейдегі өзгерістерге түрткі болады.

Қоғам үшін журналисттің қажеттілігі бірнеше себептен туындайды.Айта кетсек, халық ақиқатты білуі,заңсыздыққа тосқауыл қойылуы,қарапайым адамның мәселесі билікке нақты әрі дәл жетуі, қоғамда ашықтық үстемдік етуі,әрі саналы дерекке сүйенген ой қалыптастыру міндет.

Өткір журналист – елдің демократиялық деңгейін көрсететін индикатор. Журналистика тоқыраса, қоғам да тоқырайды. Журналист үнсіз қалса, әділет те үнсіз қалады.

Яндекс.Метрика