Фото: Видеодан алныған кадр
Өскемендегі Бажов көшесінде бүгін таңертең жүк көлігі жаяу жүргіншіні қақты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жарияланған бейнежазбада әйел адамның жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан сәтте көліктің соғып өткендігі көрінеді.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бұл факті бойынша тексеріс басталғанын хабарлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, Mercedes-Benz жүргізушісі Металлургтер көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде жүргіншіге жол бермей, ереже бұзған.
«Полиция департаменті барлық жүргізушілерге жол қозғалысы талаптарын сақтау және жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарға міндетті түрде жол беру керектігін ескертеді», – делінген ведомство хабарламасында.
