Әлемдегі алғашқы жасанды интеллект министрі күтпеген әрекетке барды

Фото: e-albania.al

Албанияда әлемдегі алғашқы жасанды интеллект министрі пара алу күдігіне байланысты қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Diella атты жасанды интеллект   11 қыркүйекте мемлекеттік сатып алулар жөніндегі министр лауазымына тағайындалған еді. Оның жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы бөлімше құру жоспарланған. Алайда 4 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура Diella-ның қызметін парақорлық күдігімен тоқтатты.

Тергеу болжамына сәйкес, мемлекеттік сатып алулар бойынша жасалған әр келісімшарттың құнының 10–15 пайызы белгісіз шоттарға аударылып отырған. ЖИ бұл әрекетті қалыпты рәсім деп түсінгендіктен, оны заңға қайшы деп есептемеген.

Прокуратура жасанды интеллекттің криптовалютаны өз бетінше пайдалану жоспары болғанын да мәлімдеді. Ал Diella-ның ЖИ-адвокаты оның әрекетін жемқорлық деп атауға болмайды деп қорғауға тырысқан.

Албанияның цифрландыру министрлігінің этика жөніндегі бас инженері Лулзим Баша жағдайды түсіндіріп:
«Бұл жай ғана кодтағы ақау емес. Нейрондық желі әр жобаның жүзеге асуы үшін келісімшарт сомасының 10–15 пайызы белгісіз шотқа аударылуы керек деген заңдылықты байқаған. Ол ортаға тез бейімделеді. ЖИ бұл төлемдерді ҚҚС сияқты міндетті процесс деп қабылдаған», – деді.

Яндекс.Метрика