5 желтоқсан күні қазақстандық адвокаттар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді

Бүгін елімізде Адвокатура күні аталып өтеді, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Атаулы күн 1997 жылғы 5 желтоқсанда еліміздің тарихында адвокаттық қызметтің негіздері регламенттелген «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР Заңы алғаш рет қабылданғанын ескере отырып таңдалды. Осыны ескере отырып 2022 жылдың 18 сәуірінде Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы аталған күнді ҚР адвокатура күні деп белгілеу туралы шешім қабылдады.

2023 жылдан бастап 5 желтоқсан – Авокатура күні болып Қазақстан Республикасының кәсіби мейрамдарының тізіміне ресми енді.
Біздің облысымыздың аумағында жеке және заңды тұлғаларды құқықтық қорғауды 211 адвокат жүзеге асырады. Оның ішінде 109 мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді. Жыл басынан бері облыс адвокаттары 11 000 астам азаматқа тегін заң көмегін көрсеткен.

Адвокат – жай заңгер емес. Ол – қоғам мүддесін қорғайтын, құқықтарды қалпына келтіретін, ең қиын өмірлік жағдайларда көмектесетін маман. Адвокаттардың еңбегі жоғары біліктілікті, объективтілік пен заңды терең түсінуді талап етеді. 

Айта кетейік, енді жалған ақпарат таратқандар 3 млн теңге айыппұл төлейді.

Яндекс.Метрика