Фото: Білім басқармасы
Педагогтарды аттестациялаудың жаңа қағидалары қабылданған жағдайда тек 2026–2027 оқу жылынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Министрлік «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесін талқылап жатқанын да еске салды.
«Әзірге бұйрық бекітілген жоқ. Егер ол бекітіліп, түзетулер қабылданса, олар тек келесі оқу жылында ғана күшіне енеді», – деді Сүлейменова мәжіліс кулуарында.
Осы оқу жылында аттестация бұрынғы талаптармен жалғасады.
Бұған дейін министр аттестация ережелерін өзгерту бойынша өзекті бағыттардың бірі – мұғалімдердің авторлық білім беру бағдарламаларын әзірлеуі екенін айтқан.
