Енді МӘМС төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін

Фото: freepik.com

Енді МӘМС төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қарыз алушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегін ескеруді міндеттеді. Құжатта көрсетілгендей МӘМС жүйесі іске қосылғаннан бері біршама азаматтың төлем бойынша қарыздары жиналып қалған.

Егер клиенттің МӘМС бойынша берешегі болса, бұл оның несие қабілеттілігін бағалауда қосымша қауіп ретінде қарастырылады. Яғни, көрсеткіш нашар несие тарихы немесе қарыз жүктемесінің жоғары болуымен бір деңгейде есептеледі.

Жаңа норма тек ірі несиелерге, шамамен 10 млн теңгеден жоғары сомаларға қатысты болады.

Айта кетейік, Алматы облысында жол апатынан бір адам жан тапсырды.

Яндекс.Метрика