Сән саласының маманы Жансая Әміршәріпқызы танымал продюсердің бір күндік образының құнын есептеп, оған талдау жасады, деп жазады Qazaq Today.
Сарапшының айтуынша, продюсер киген Dior маркасындағы қара көйлек – 2 млн 339 мың теңге, ал дәл осы брендтің аяқ киімі – 1 млн 193 мың теңге тұрады. Lady Dior сөмкесінің бағасы – 2 млн 819 мың теңге.
Ол тағатын зергерлік бұйымдардың құны да айтарлықтай жоғары. Мәселен, әйгілі француз бренді Breguet шығарған қол сағаты шамамен 27 млн теңге. Bulgari-дің Serpenti топтамасынан сырғасы – 8 млн 096 мың теңге, ал Van Cleef & Arpels маркасынан тағылған алқалар 5 млн 577 мың және 22 млн 849 мың теңге болып бағаланған.
Осы фирманың сырғасы — 4 млн 800 мың теңге, ал екі жүзігінің құны тиісінше 5 млн және 10 млн теңгені құрайды.
Жансая Әміршәріпқызының есебінше, продюсердің тек бір күндік толық образының жалпы құны 90 млн 732 мың теңгеге жетеді.
