Фото: видеодан скрин
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков балдызымен түскен видеосын парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жұлдызды әке қазіргі жастардың талғамына таңданысы барын жасырмады.
«Ай, балдызым @uusenova_a , айналайын жастар-ай, мен әжептеуір терме тыңдап келе жатсам, “айфон купи, за ресторан плати” не дейді. Қызды шақырған жігіт онсызда өзі төлейді ғой, қызға төлетпек түгілі, қыздың кешке шығып сенімен, ресторанға барғанына қуанушы едік. Ақшамыз болмаса, 20 тиынға болса да балмұздақ әперіп, қолымыз қолына тиіп кетсе сол кеште сол қолымызды 10 күн жумай жүретін едік қой. Ой, жастар-ай!», — деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
