Фото: Sputnik.kz
Әлемге танымал жұлдыздармен бейнебаяндар түсіріп, танымал болған қазақстандық режиссер екінші фильмін түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы режиссер әлеуметтік желіде хабарлады.
«Екі жыл бойы мен «Жеті ата» атты жаңа фильм бойынша жұмыс істеп келемін. Бұл өмірде жоғалтқан, бірақ жүрегімізде мәңгі сақталатын адамдар туралы оқиға. Түсірілім келесі жылы басталады. Жоба мен үшін өте маңызды, және мен сіздерді осы сапарға қосылуға шақырамын, себебі әр фильм – сенім сынағы», – деп жазды Айсұлтан Сейітов.
Айта кетейік, фильмнің сценарийін Абылай Нұрманбетов жазған.
