Фото: egemen.kz
2025 жылдың 3 желтоқсанында Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет республикалық деңгейде «Үздік имам» І интеллектуалды білім сайысы өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Байқауға еліміздің ірі қалалары мен облыстарынан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 20 имам қатысады. Қатысушылар діни білімдерін, уағыз айту шеберлігін, жамағатпен жұмыс жасау дағдыларын және дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау қабілеттерін көрсету бойынша жарысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту.
