Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: olympic.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBO және BF нұсқаларының әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жастарға арнаған маңызды үндеуін жариялады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

6 желтоқсанда ол АҚШ-та Эрисланди Лараға қарсы шешуші жекпе-жек өткізеді. Айқас қарсаңында спортшы жастарды құмар ойындарға әуестенбеуге әрі өз жекпе-жегіне бәс тікпеуге шақырды.

«Мен үшін әр қазақтың амандығы қымбат. Ешбір отбасының шаңырағы шайқалмасын! Жастарға құмар ойыннан аулақ болуды, менің кездесуіме ақша тікпеуді өтінемін», – деп жазды ол Instagram желісінде.

Еске сала кетсек, Әлімханұлы бес күннен кейін АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center кешенінде рингке шығуы тиіс. Бұл айқас WBA, IBF және WBO белбеулерін біріктіретін аса маңызды чемпиондық кездесу болмақ.

Яндекс.Метрика