Фото: instagram.com/aikyn
Әлеуметтік желіде белгілі әнші Айқын Төлепберген көпшілікке қуанышты жаңалық жариялап, тағы бір мәрте әке атанғанын хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі өзінің парақшасында:
«Бүгін – 01.12.2025. Нұртан Ару Айқынқызы өмірге келді. Жұлдызыма мың алғыс! Мен сені жақсы көремін!» – деп сүйінші сұрады.
Айқынның бұл жазбасының астына оның әріптестері мен жақын достары жылы лебіздерін қалдырып, оқырмандары да жас сәбиге ақ тілектерін арнап жатыр.
