Кафеге келген қызды аңдыған: Ақтөбеде дәретханада отырған бойжеткенді зорламақ болған жігіт сотталып кетті

Фото: travelpress

Ақтөбеде кафелердің бірінде ер адам дәретханада тұрған бойжеткенге шабуыл жасап, зорламақ болған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Ер адам кабинадағы құлыпты бұзып, қыздың мойнына пышақ қойып зорламақ болған. Зардап шеккен әйел айғайлап, көмек сұраған. Оның дауысынан басқалары көмекке жеткен. Олар араласып, ер адамды сол жерде ұстаған.

Сотта анықталғандай, ессіз еркек шабуыл жасау алдында бос кабиналарды тексерген. Ол зорлық жасауға әрекеттенгені үшін кінәсін толық мойындады.

Сот оны алты жылға бас бостандығынан айырды.

Яндекс.Метрика