Омыртқаны имплантқа ауыстыру отасы тегін жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
Ең күрделі оталардың бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылмақ. Бұл туралы Ұлттық нейрохирургия орталығының өкілдері мәлімдеді. Статистикаға сәйкес, республика бойынша 100-ден астам науқас осындай медициналық көмекке мұқтаж.
Қазақстанда мұндай бірегей операция 2019 жылдан бері жасалып келеді. Омыртқаның орнына титан имплант салдырған төрт науқастан ешқандай шағым түспеген. Мамандардың айтуынша, жаңа әдіс әлі дүниежүзінде қолданылмаған.
Отандық мамандардың бұл әдісі халықаралық конгрестерде жоғары бағаланып үлгерді.
Айта кетейік, Түркістан облысының Алғабас ауылында тұрғын үйден шыққан өрттен жарақат алған 7 жасар қыз қайтыс болды.
