Енді Қытай азаматтары Ресейге 30 күнге визасыз бара алады

Сурет: Qazaq.today

Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа жарлығына сәйкес, Қытай азаматтары туристік немесе іскерлік мақсатта Ресейге 30 күнге дейін визасыз бара алады. Бұл шара 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін күшінде болады,-деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Алайда бұл жеңілдік барлық мақсаттарға қолданылмайды. Жұмыс істеу, оқу немесе тұрақты тұру үшін Ресейге келетін Қытай азаматтарына визасыз режим қолданылмайды.

Сондай-ақ, халықаралық автокөлік тасымалында жүргізуші, экипаж мүшесі, экспедитор немесе аудармашы ретінде қызмет ететіндер де бұл жеңілдіктен пайдалана алмайды.

Жаңа шешім туристік сапар немесе іскерлік кездесулерді жоспарлаған қытайлықтарға ыңғайлы жағдай жасайды. Енді Ресейге бару үшін визалық рәсімдерге уақыт жұмсамауға болады.

Яндекс.Метрика