Фото: Видеодан алынған кадр
Түркістан облысының Алғабас ауылында тұрғын үйден шыққан өрттен жарақат алған 7 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today.
«2025 жылдың 30 қарашасында Жетісай ауданындағы өрттен кейін ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы қыз көз жұмды. Барлық қажетті интенсивті терапия жасалып, бейінді мамандардың, соның ішінде республикалық санитарлық авиация дәрігерлерінің кеңестері алынғанына қарамастан, орталық жүйке жүйесіне келген ауыр зақым салдарынан оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Марқұмның жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», – делінген ресми ақпаратта.
Айта кетейік, бұл өрттен қаза тапқандар саны 13-ке жетті. Марқұмның денесі жедел жәрдем көлігімен ауылына жеткізіліп, бүгін сағат 12:00-де жаназасы шығарылды.
Бұған дейін Түркістан облысындағы тұрғын үй өртінен 12 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.
21 қараша күні 7 жасар қыз Жетісайдан тікұшақпен Шымкентке жеткізіліп, жағдайының ауыр екені айтылған.
