Фото: Видеодан алынған кадр
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көпке белгілі «холодец» тағамының рецебін саламын деп, елдің сынының астында қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде дайындау тәсілінің видеосын жүктеген.
Ол тағамға гранат, қызанақ сияқты жемістер мен көкөністерді қосып жіберген. Десе де, қыз-келіншектер аталған тағамға мұндай құрам мүлдем қосылмайтынын жарыса жазып жатыр.
«Бәрін ботқа қылып , кімді көрдің көк шөп қосқан, кімді көрдің қызанақ қосқан. Анар сүйегімен қалай кетіп жатыр», «Апам, анар мен алма артық емес пе», «Анар мен алма қосатынын бірінші рет көріп тұрмын», Не болды мынау, дәмі тәтті нәрсе салып дәмін құртып», — деп жазды оқырмандар.
