Фото: ФК «Қайрат»
Миландық “Интер” клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде алматылық “Қайратқа” қарсы өткен ойынға байланысты жаңа жазба жариялады. Италиялық команда Темірлан Анарбеков туралы қазақ тілінде пост жазып, қазақстандық жанкүйерлерді тағы да таңғалдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
“Интер” Instagram парақшасында “Қайраттың” қақпашысы Темірлан Анарбековтың матч барысында жасаған керемет сейвтері топтастырылған видео салған.
“Екі тамаша сейв жасалды. Басқа контенттер үшін бізді бақылап жүріңіз”, – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Бұл жазба қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, олардың италиялық клуб парақшасындағы белсенділігі күрт артты. Алайда көпшілік пікірінше, Instagram-ның жаңа алгоритмдеріне байланысты бұл пост тек Қазақстаннан кірген қолданушыларға ғана көрсетіліп отыр.
“Бауырсақ пен пицца – бауырлар”, “Интер Анарбековке көз салып жүр ме?”, “Рақмет, Интер!”, “Біздің жанкүйерлер санын көбейтіп жатыр”, “Жазба тек Қазақстанда көрінеді екен”, – деп пікір қалдыруда отандастарымыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
