Қазақстанда 59 жастағы ер адам өзінен 30 жас кіші әйел алып елдің жағасын ұстатты

Фото: әлеуметтік желі/ Sunadillaev

Әлеуметтік желіде таралған видеода 60 жастағы ер адамның өзінен 30 жас кіші әйелге үйленгені көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Ер адам 1966 жылы туған, ал әйелі 1996 жылғы. Әйелінің айтуынша, ол бұл некеге өз еркімен келісіп, ешқандай қалың мал немесе махр талап еткен жоқ:

«Менде қалың мал да, махр де болған жоқ. Тегін келдім», – дейді ол.

Ал ер адам жас жұбайы онымен бірге болған соң денсаулығы жақсарып, қан қысымы тұрақталғанын айтады. Сөзінше, жас әйелі оны жасартып, қуат беріп отыр.

«Қалай таныстыңыздар?» деген сұраққа ер адам: «Алланың қалауымен» деп жауап берген.

Желі қолданушылары арасындағы пікірлер екіге бөлінді. Кейбіреулер таңданысын жасыра алмай, келесі пікірлерді жазды:

«Қыздың баратын жері жоқ», «Қызға обал», «Бай болса түсінетін едім», «Әкесімен жасты ғой», «Жоқтықтан туған махаббат», «Мына қыз үйінде зорлық көріп өскен», «Немересіндей ғой».

Айта кетейік, Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды.

Яндекс.Метрика