Фото: видеодан скрин
Кенжебек Тұсынбайұлы досының баласының тұсаукесеріне қатысып, оның тұсауын кесті. Рәсім барысында сәби жерде жатқан ақшаға қарай қол созып, көпшіліктің назарын аударған. Мұны байқаған әнші өзіндегі қомақты қаржыны баланың қойнына салып жіберді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Тұсаукесер алдында Кенжебек баланың болашағы жарқын болып, елге пайдасы тиетін бай-бақытты азамат болуын тілеген. Бірнеше қадам жасағаннан кейін сәбидің жерде жатқан ақшаға ұмтылғаны көпшілікке қызық көрінген.
“Арман деген аға-досым өз баласының тұсауын кестірді. Достығымызға 20 жылдан асты, әрдайым сөзімді жерге тастамайтын адал, сенімді жан! Арман аға, Нұргүл жеңеше, отбасыларыңызбен мың жасаңыздар. Айтқан тілегім Аллаға жетсін. Менің тілегімнен соң баланың неге ұмтылғанын көріңіздер”, – деп жазды әнші.
Сәбидің таңдауы әншіні сүйсіндіріп, Кенжебек қолындағы ақшаны тұсауы кесілген баланың қойнына қыстырып жіберген.
