Үкіметтің жаңа ұсынысы: Кімдер зейнетке ерте шығып, қосымша жәрдемақы алады?

Фото: Depositphotos

Үкімет алдағы уақытта мал бағатын жұмысшыға арнап әлеуметтік пакет ұсынбақшы, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Бұл жаңалықты премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеткізді. Яғни, бақташылар еңбегіне қосымша жәрдемақы алып, ерте зейнетке шығады. Ал бала-шағасы оқуды тегін оқып, тіпті әскерден босатылады. Жұманғариннің сөзінше бастама – 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын қолдау және дамыту жөніндегі кешенді жоспардың бір бөлігі. Мәселенің мән-жайын Ауыл шаруашылығы министрлігі түсіндірді.

«Бақташылар, яғни, түйеші, шопандардың зейнет жасын төмендету, балаларын грант арқылы оқыту бойынша қосымша жеңілдіктер қарастыру жөнінде ұсыныс келіп түскен болатын. Қазіргі таңда оны жұмыс тобы қарастырып жатыр», — дейді ведомство мамандары.

Айта кетейік, Петропавлда жас келіншек 12-қабаттан құлап мерт болды.

Яндекс.Метрика