Фото: www.instagram.com/emmanuellanauryzbaeva
Қазақстандық танымал блогер Эммануэлла Наурызбаева орамалын шешкенін жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желіде шашын жаңа түске бояғанын көрсетіп, видео бөлісті.
Блогердің орамалсыз шыққанын байқаған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр.
«Өкінішті, орамалмен өте жарасымды едіңіз», «Бұлай болатынын сезіп едім», «Алла тура жол көрсетсін», «Оқырман жинап алып, орамалын шешу блогерлер үшін әдетке айналды», – деген пікірлер жиі кездеседі.
Кейбірі: «Біз сынай алмаймыз, бәрін Алла біледі. Бірақ еске салу маңызды. Өте өкінішті… Алла оны дұрыс жолға салсын. Мен тіпті оны болашақта хафиз болады деп ойлаған едім. Әрине, таңдауды өзі жасайды. Эммануэллаға тілегім – Алла жүрегін кеңейтіп, иманын күшейтсін», – деп жазған.
Ал басқа қолданушылар блогердің образына сүйсініп: «Керемет жарасып тұр», «Орамал кейде адамды жасынан үлкен көрсетеді, енді жасарып кетіпсіз», «Өте сұлу екенсіз», «Сынамайық, әркім өз ісіне өзі жауапты», – деп пікір білдіруде.
Оқырмандардың бірі оның орамалды денсаулығына байланысты шешкенін айтты:
«Ол бұл жайлы бұған дейін түсіндірген. Эпилепсиясы бар болғандықтан, басын қатты байлап жүруге болмайды. Орамалды бос байлап көрген, бірақ ыңғайсыз болған сияқты», – деп жазды.
Блогерді қолдап, түсіністік танытып жатқандар да аз емес.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
