Әбиби Абужақынова қытайлық спортшыдан жеңіліп қалды

Фото: ҰОК

Абу-Дабиде өтіп жатқан дзюдо бойынша Grand Slam бәсекесі басталып, алғашқы күні татамиге көтерілген екі қазақстандық спортшы да жарыс жолынан ерте шығып қалды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Абиба Әбужақынова алғашқы айналымда небәрі 16 жастағы бельгиялық Мэлис Дапені ұтып, сенімді бастады. Алайда келесі белдесуде Қытай спортшысына жол берді. Ширек финалға жолдама үшін ол 21 жастағы қытайлық дзюдошы Син Хумен кездесті.

Әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Абиба тәжірибесі мол қарсыласының тұншықтыру әдісінен қорғана алмай, жеңіліске ұшырады.

Айта кетсек, Син Ху өткен жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған. Биыл Астанада өткен «Үлкен дулыға» турнирінде де жеңімпаз атанған. Сол жарыста Абиба бой көрсетпеген болатын.

Сондай-ақ 60 келі салмақта күрескен Мағжан Шамшадин де алғашқы кездесуінде қарсыласынан айласын асыра алмады.

Яндекс.Метрика