Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы Бішкекте өтіп жатыр.

Саммитке Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон қатысты.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарастырып, биылғы ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттарын қорытындылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтады.

Президенттер ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты.

Жиын барысында 2026 жылы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Яндекс.Метрика