«Жас жігітті ұрды» деген Мұқасан Шахзадаев қанша жылға сотталуы мүмкін?

Фото: baq.kz

Мұқасан Шахзадаев 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы halyquni.media мәлімдеді. 

Бұған дейін «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа қатысушысы Ғалымжан Сүлеймен әнші Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жегенін мәлімдеп, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Полицияның ресми ақпаратына сәйкес, 22 қарашада Ғалымжан Сүлеймен құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Ол бірнеше адамның өзіне шабуыл жасап, соққыға жыққанын айтқан.

Жәбірленушінің адвокаты Инга Иманбайдың сөзінше, Ғалымжанның қолы мен мұрны сынған, беті қатты ісіп-көгерген. Мұрнына күрделі хирургиялық операция жасалған.

Адвокат келтірген мәліметке сай, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы, 2-бөлігі (“Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы арқылы”) бойынша қозғалған.

Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Әнші Мұқасан Шахзадаевтың өзі әзірге бұл жағдайға қатысты ресми түсінік берген жоқ.

Яндекс.Метрика