Фото: gov.kz
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек үлестік құрылысқа қатысты ең маңызды өзгерістерді түсіндірді, деп жазады Qazaq.today порталы.
Оның айтуынша, жаңа құрылыс кодексіне дейін дайындалған жұмыс тобы барлық алдын ала келісім, инвестициялық келісім, брондау келісімі сияқты құжаттарды заңнан алып тастаған.
Депутаттың сөзіне қарағанда, қазір кейбір «застройщиктер» әлі күнге дейін «бронь», «алдын ала келісім» сияқты құжаттармен пәтер сатуды жалғастырып жүр. Базарбек бұл әрекетті құқықтық алаңнан тыс жұмыс деп атап, мұндай компанияларды анықтап, жазалау қажет екенін айтты. Оның айтуынша, бірқатар өңірлерде бұл тыйым бұзылған нақты фактілер тіркелген.
Базарбек Қазақстанда үлескерлерден ақша тартудың жалғыз заңды құжаты — Үлестік қатысу шарты (Договор долевого участия).
Үлескерлердің қаражатын тартқысы келетін «застройщик» енді екі ғана жолды таңдай алады:
біріншісі — әкімдіктен ресми рұқсат алу;
екіншісі — Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы
