«Шектеу қою керек»: KeshYou тобының әншісі сынның астында қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

KeshYou тобының әншісі Диана Кужагельдина әлеуметтік желіде жарияланған видеосымен жұрттың ашуын келтірді деп мәлімдейді Qazaq Today ақпарат порталы. 

Инстаграмда тараған бейнежазбада әнші ашық киіммен билеп тұрғаны байқалады. Бұл көрініс көптің талқысына түсіп, пікірлер екіге жарылды.

Бейнеролик астына пікір қалдырғандардың бір бөлігі:

«Үстіңе не киіп алған?», «Мыналарды біреу тыңдай ма өзі?»,«Ұят емес пе?», — деп тәнті бола қоймағанын ашық жазған.

Дегенмен, әншіні қолдап, оның шығармашылығын қорғайтындар да табылды. Олар:

«Әркімнің өз стилі бар»,«Дианаға бәрі жарасады, ең бастысы еңбек»,«Артық сынның қажеті жоқ», — деп жылы пікір қалдырды.

Желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен видео әншінің образын тағы да қоғам назарында қалдырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от және Шоу бизнес жаңалықтары (@news.qaz)

Яндекс.Метрика