Фото: ica.uz
QazaqGaz ұлттық компаниясына еншілес «Интергаз Орталық Азия» Өзбекстан компаниясын сотқа берді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы төрелігіне түскен шағым «Өзтрансгаздың» үстінен жазылған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы «Қазақстанның мұнай-газы» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ұлттық компания көрші елден шамамен 2 млн доллар өндіріп алғысы келеді. Шағым «Интергаз» жүргізген есептеулері негізінде дайындалған.
Алайда айыпталған «Өзтрансгаз» мұндай талаппен келіспейді. Өйткені қанша газ айдалғанын есептейтін торап Өзбекстан аумағында орналасқан. Соған байланысты өзбек компаниясы шағымға қарсы талап-арыз өткізген.
«Интергаз» бастапқы шағымды қарауды тоқтатып, даулы іске сырттан тәуелсіз кеңесші тартып жатыр.
