Фото: Қазәуеорманқорғау
Бүгін шамамен сағат 12:15 кезінде Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары сағат 13:05–те басталды.
«Қазәуеорманқорғау» Алматы авиациялық бөлімшесінің басшысы Бекзат Байшаловтың айтуынша, оқиға орнында өрт сөндіру топтары жұмыс істеп жатыр. Барлығы 8 арнайы техника, 1 өрт сөндіру тікұшағы және 25 адамнан тұратын жеке құрам тартылған.
— Өрт деңгейі орташа деп бағаланды. Қазіргі уақытта жедел өрт сөндіру және жағдайды бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себептері әзірге анықталған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, жақын маңдағы елді мекендер мен туристік бағыттарға қауіп жоқ, — деп хабарлады «Қазәуеорманқорғау» бөлімшесінен.
Өрт сағат 14:20–да оқшауланды. Жалын шамамен 1,7 гектар аумақты шарпыған.
