Фото: Астана ПД
Астанада жоғалған мектеп оқушысы өзеннен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qazaq T
24 қарашада сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызының үйден шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны туралы арыз түскен.
Оны іздеуге жедел түрде полицияның жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер жұмылдырылды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, — деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
