Орал қаласында «Дала Қырандары» қозғалысының белсенділері кезекті апталық «Жұма жақсылығы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл жолы Қырандар қала тұрғындарын қайырымды іске жұмылдыратын кино кешін өткізді.
Қонақтар үшін фильм көрсетіліп, шағын жәрмеңке ұйымдастырылды: билеттер, сусындар, снэктер және басқа да тағамдар сатылды.
Жиналған қаражаттың барлығы емделуді қажет ететін азаматқа бағытталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар әр апта сайын, жұма күні өткізіліп, әр жолы жаңа қайырымдылық мақсатына арналады.
«Жұма жақсылығы» жобасы жастар арасында өзара көмек мәдениетін нығайтып, қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетудің тұрақты алаңына айналып келеді.
