Фото: Видеодан скриншот
Қазір аталған оқиға бойынша алдын ала тергеу басталды.
Тарбағатай ауданында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Жол апаты 24 қарашада «Омбы – Майқапшағай» республикалық маңыздағы автожолдың 877-шақырымында болды. Оқиғаға Chevrolet Onix және Howo маркалы жүк көлігі қатысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Onix автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
