Қала басшылығы 31 желтоқсанда өтетін мерекеге танымал әншіні шақырғанын ресми растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл ақпаратты жиында қаланың жауапты басшысының бірі жариялап, «қала тұрғындарына сый» болатынын айтты. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары мұндай «сыйдың» құнын сұрап, ашық пікір білдіре бастады.
Көпшілік жаңа жылдық бағдарламаға емес, қаланың өзекті мәселелеріне қаржы бөлінуі қажет екенін алға тартуда.Әсіресе, биылғы қымбатшылық кезінде шоуға ақша шашу орынсыз деген пікір күшейді.
«Әкімдік бұл шараға қаржыны қайдан алды, халықтың ақшасы ма?» деген сауал қоғамның басты тақырыбына айналды.
Желі жұрты мұндай шешім көпшіліктің қатысуынсыз қабылданғанын айтып, ашық есепті талап етті. Тұрғындар тіпті жергілікті өнерпаздарды қолдап, олардың тегін немесе әлдеқайда арзан концерт бере алатынын жазып жатыр.
Ал әкімдік әзірге тек концерт өтетінін ғана хабарлап, шығын көлемі туралы нақты мәлімет бермей отыр.
