Фото: Pixabay
Қазақстан шахмат құрамасы өткен кездесуде Қытай командасына жол берді.
Испанияның Линарес қаласында әйелдер арасындағы шахматтан 2025 жылғы командалық әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың бас жүлдесін FIDE Team жеңіп алды, ал Қазақстан командасының нәтижесі 4-орын болып белгіленді.
18–23 қараша аралығында өткен чемпионатқа 12 команда қатысты. Финалда FIDE Team екі матчта да Әзербайжанды ұтып, чемпион атанды.
3-орын үшін матчта Қазақстан құрамасы Қытайға 0–4 есебімен жеңілді. Бірінші матчта Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева сәтсіз ойнады. Екінші матчта да шахматшыларымыз өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, жеңіс Қытай командасына бұйырды.
Қазақстан құрамасы сапында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Зарина Нұрғалиева және Елназ Қалиахмет өнер көрсетті.
