Қызылордада медицина қызметкерлері зейнетке шыға алмай жүр: қауіпті аймақта еңбек ететін мамандар шу шығарды

Фото: Видеодан алынған кадр 

Медицина қызметкерлері жоғары қауіпті жағдайда жылдар бойы еңбек етсе де, зейнетақы мәселесі шешілмей келеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Туберкулезбен ауыратын науқастармен күнделікті байланыста жұмыс істейтін орта буын мамандарының айтуынша, олардың еңбегі елеп-ескерілмей отыр. Санитарлар мен медбикелер ең лас әрі ең ауыр жұмысты атқарады, бірақ зейнетке шығу талабы жеңілдетілмеген.

Қызметкерлер барлық жауапты органдарға бірнеше рет өтініш бергенімен, нақты нәтиже болмағанын айтады.

Олар әр күнін қауіппен өткізсе де, әлеуметтік қорғалуы төмен деңгейде қалып отыр. Еңбек жағдайы ауыр мамандар әділдік пен заңды құқықтарының орындалуын талап етуде. Осы мәселеге қатысты Қызылорда әкімі әлі күнге дейін үнсіз қалып отыр.

Яндекс.Метрика