«Мұрны мен қолы сынған»: Мұқасан Шахзадаев топқа жаңадан қосылған әншіні ұрып тастаған

Фото: видеодан кадр
«Нұрмұқасан» тобының жаңа мүшесі соққыға жығылғанын мәлімдеді. Өзінің айтуынша, оған жабылып кеткен.

«Нұрмұқасан» тобына жуырда ғана қосылған әнші Ғалымжан соққыға жығылғанын айтты.

Бұл ақпаратты блогер Жан Ахмадиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Блогердің айтуынша, дау топтың репертуарындағы әнге байланысты туындаған. Мәселені бейбіт жолмен шешуді қалаған Ғалымжан «Нұрмұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған. Біраққ кездесудің соңы жанжалға ұласып, Ғалымжанның айтуынша, бірнеше адаммен бірге болған Шахзадаев тарапынан күш көрсетілген.

Оқиға салдарынан әншінің қолы мен мұрны сынған, денесі түрлі жарақаттар алған. Ең таңғаларлығы, оқиға орнына келген полиция жәбірленуші Ғалымжанның өзін ұстап әкеткен.

Қазіргі таңда Ғалымжан заңгерлердің көмегіне жүгініп, өзіне күш көрсеткендерді жауапқа тартуды талап етіп отыр. Оқиға бойынша құқық қорғау органдарына ресми шағым берілген.

Яндекс.Метрика