Қазақстанда 23 қарашада қандай жолдарда қозғалыс шектелді

Фото: canva

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімет берді.

Компанияның хабарлауынша, 23 қараша сағат 04:30-да Ақмола облысында ауа райының нашарлауына (температураның төмендеуі, көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар КАZ02 «Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) 19-231 (Астана қ. — Щучинск қ.) учаскесінде барлық көлік түрі үшін жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.

Сонымен қатар, үш облыста көлік қозғалысы шектелген.

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.

Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман — Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30 шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеулер бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66 шақырымдарында (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) белгілерімен жүзеге асырылады.

Яндекс.Метрика